Sport-hub.kz жобасы туралы

Sport-hub.kz — Қазақстанда және одан тысқары аумақта да жұмыс істейтін заманауи спорттық платформа. Бұл ресурс жаңалықтар, сараптамалық материалдар, эксклюзив контент және мультимедиалық өнімдерді біріктіреді.

Спорттық портал ресми түрде 2026 жылғы 18 мамырда іске қосылды. Ал 2026 жылғы 4 мамырда Instagram, TikTok және Telegram секілді әлеуметтік желілерде парақшаларымыз жұмысын бастап, қызықты контенттерді жедел әрі тұрақты түрде жариялауда.

Sport-hub.kz – спортшылар мен жанкүйерлер және серіктестер үшін арнайы құрылған алаң:

  • спортшы үшін – танымал болуға, жеке брендін дамытуға және жетістіктерін жариялауға арналған алаң;
  • серіктестер үшін – аудиториясы тұрақты өсіп келе жатқан тиімді медиа арна және интеграциялық мүмкіндіктер кеңістігі;
  • оқырман үшін – өзекті жаңалықтар мен бейнематериалдар, тікелей трансляциялар және эксклюзив контентке оңай қолжетімділік.

Біз күнделікті сапалы әрі кең ауқымды контент ұсынуды, кәсіби журналистиканы дамытуды және Қазақстандағы жаңа буынның спорттық медиасын қалыптастыруды негіз етеміз. Біздің редакция тәжірибелі спорт журналистері мен білікті сарапшылардан құралған.

Жоба тәулік бойы жұмыс істейтін редакциясы бар толыққанды мультимедиалық спорт платформасы ретінде жасақталған. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерді дамытуға жауапты жеке команда жұмыс істейді.

Мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды есепке қою туралы № KZ54VPY00143975 куәлік 2026 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті тарапынан берілген.

Бас продюсер: Леонид Юргелас
Атқарушы директор: Александр Шлезингер
Сайттың бас редакторы: Пахита Амири

Байланыс

Редакция: +7 705 418 1335
Жарнама: +7 701 541 4022
Электрондық пошта: info@sport-hub.kz