16 жастағы Доумен дубль жасады: «Арсенал» «Ипсвичке» төрт гол соқты

Фото: Getty Images
«Арсенал» 2026/27 жылғы маусымдағы Англия лигасы кубогындағы алғашқы ойынын нәтижелі жеңіспен бастады. Микель Артета шәкірттері сырт алаңда «Ипсвич Таунды» 4:2 есебімен жеңді.
Кездесудің басты қаһармандарының бірі 16 жастағы Макс Доумен болды. Лондондық клубтың жас футболшысы командасының төрт голының үшеуіне тікелей атсалысты: дубль жасап, бір нәтижелі пас берді.
Англия лигасы кубогы. 1/16 финал
«Ипсвич Таун» – «Арсенал» – 2:4
Голдар: Доумен – 0:1, Мадуэке, 16 – 0:2, Доумен – 0:3, Мерино, 58 – 0:4, Мехмети, 62 – 1:4, Акпом, 90+1 – 2:4.
«Арсенал» жеңімпаз мәселесін екінші таймның ортасына дейін-ақ шешіп қойды. Есепті Доумен ашса, 16-минутта Нони Мадуэке қонақтардың басымдығын еселей түсті.
Үзілістен кейін 16 жастағы ағылшын футболшысы тағы да гол соғып, дубль жасады. Оның командаға қосқан үлесі мұнымен аяқталған жоқ. 58-минутта Доуменнің нәтижелі пасынан кейін Микель Мерино лондондықтардың төртінші голын соқты.
Осы сәтте есеп 4:0-ге жетіп, «Ипсвич» тек жеңілістің айырмасын қысқартуға тырысты.
Алаң иелері матчты голсыз аяқтаған жоқ. 62-минутта Анис Мехмети есеп айырмасын қысқартса, негізгі уақытқа қосылған минуттарда Чуба Акпом екінші голды соқты – 2:4.
Алайда камбэк болған жоқ. «Арсенал» басымдығын сақтап, Лигалар кубогының келесі кезеңіне өтті.
Англия лигасы кубогының үшінші раундындағы тағы бір матчта «Ливерпуль» өз алаңында «Тоттенхэмді» 3:1 есебімен жеңді.