19 жастағы Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің чемпионы атанды

Фото: Matthew Stockman / Staff / Getty Images Sport / Gettyimage
Ресейлік теннисші Мирра Андреева АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен WTA қорытынды турнирінде жеңіске жетті.
19 жастағы спортшы финалда украиналық Элина Свитолинаны 7:5, 6:3 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 49 минутқа созылды.
Андреева өзі алғаш рет қатысқан қорытынды турнирде чемпион атанып, жарысты бірде-бір жеңіліссіз аяқтады.
Топтық кезеңде ресейлік теннисші алдымен Свитолинаны 6:4, 6:0 есебімен ұтты. Кейін Арина Соболенкодан да дәл осындай есеппен басым түсті. Ал жартылай финалда америкалық Джессика Пегуланы 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
Осылайша Мирра Андреева 2004 жылдан бері WTA қорытынды турнирінде топ жарған алғашқы ресейлік теннисші атанды. Бұған дейін мұндай жетістікке 17 жасында Мария Шарапова қол жеткізген еді.
Турнирдегі жеңісі үшін Андреева 3,37 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақы және 1500 рейтингтік ұпай алады.
Маусым қорытындысы бойынша ресейлік спортшы әлемнің екінші ракеткасы атанады. Ал WTA рейтингіндегі көшбасшылықты қорытынды турнирге қатыспаған қазақстандық Елена Рыбакина сақтап қалады.