2027 жылы ҚХЛ жұлдыздар матчы Минскіде өтеді
Бөлісу

Фото: ҚХЛ ресми сайты
«Матч ТВ» мәліметінше, 2027 жылғы хоккей жұлдыздарының апталығы Минскіде өтеді.
Бейсенбі күні Санкт-Петербор халықаралық экономикалық форумы аясында ҚХЛ президенті Алексей Морозов пен Минскінің «Динамо» клубының бас директоры Артем Каркоцкий келісімге қол қойды. Құжатқа сәйкес, Беларусь астанасы аталған шараны 2027 жылдың 6-7 ақпан күндері қабылдайды.
Хоккей жұлдыздарының апталығы «Минск-Аренада» өтеді. Осылайша Беларусь ҚХЛ Жұлдыздар матчын екінші рет қабылдамақ. Бұған дейін лиганың үздік ойыншылары Минскіде 2010 жылы бас қосқан.
Санкт-Петербор халықаралық экономикалық форумы 2026 жылдың 3-6 маусымы аралығында өтуде.