40 жастағы Возиньяға Бразилия клубтары қызығушылық танытуда

Бегасыл Амирбай ··
Фото: threads_mike_severyn12

Фото: threads_mike_severyn12

Кабо-Верде құрамасының 40 жастағы қақпашысы Возиньяға мансабын жалғастыруға бірнеше ұсыныс түсті.

Фабрицио Романоның мәліметінше, тәжірибелі қақпашыға Бразилияның Серия B чемпионатындағы бірнеше клуб қызығушылық танытып отыр. Қазіргі таңда Возинья еркін агент мәртебесінде.

Бұған дейін ол Португалияның «Шавиш» және «Жил Висенте», Словакияның «Тренчин», Кипрдің АЕК, Румынияның «Зимбру» және Анголаның «Прогрессо» клубтарында өнер көрсеткен.

Возинья Кабо-Верде ұлттық құрамасы сапында 92 матч өткізген. 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Кабо-Верде үш ұпай жинап, H тобында екінші орынмен плей-офф кезеңіне шықты. Алайда 1/16 финалда Аргентинадан 2:3 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде мәресіне жетеді.

40 жастағы Возиньяға Бразилия клубтары қызығушылық танытуда – sport-hub