Басты бет
·
Хоккей

«Адмирал» – «Барыс»: матчты қайдан көруге болады?

Бекарыс Әлімхан··
«Барыс» ХК

«Барыс» ХК

Владивостоктық «Адмирал» мен астаналық «Барыс» 21 қазанда Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында кездеседі.

Матч Владивостоктағы «Фетисов Аренада» өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 14:30-да басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. Матчтың негізгі сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасынан да бақылауға мүмкіндік бар.

Ойын алдында «Барыстың» еншісінде 17 матчтан кейін 20 ұпай бар. Астаналық клуб Шығыс конференциясының турнир кестесінде жоғарғы орындарда тұр. Ал «Адмирал» 16 ойында 15 ұпай жинап, тоғызыншы орында келеді. Екі команда да соңғы бес кездесудің үшеуінде жеңіске жетті.

«Барыс» бұған дейін сырт алаңда хабаровскілік «Амурдан» 2:5 есебімен жеңіліп қалды. Ал «Адмирал» өз алаңында уфалық «Салават Юлаевты» 2:0 есебімен ұтты.

ҚХЛ тарихында қос команда 41 рет кездескен. Владивостоктық клубтың басымдығы бар: «Адмирал» 21 рет жеңсе, «Барыс» 20 кездесуде басым түскен. Соңғы ойын 16 наурызда өтіп, «Адмиралдың» 6:2 есебімен жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, «Барыс» келесі матчын 26 қазанда Екатеринбургте «Автомобилистке» қарсы өткізеді.