«Адмирал» – «Барыс» матчының бейнешолуы

«Барыс» ХК
«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) 2026/2027 жылғы маусымындағы тұрақты чемпионат аясында «Адмиралдан» жеңіліп қалды.
«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) 2026/2027 жылғы маусымындағы тұрақты чемпионат аясында «Адмиралдан» жеңіліп қалды.
Владивостокта өткен кездесу овертаймда аяқталып, алаң иелері 5:4 есебімен жеңіске жетті.
24-минутта Семён Ибрагимов есеп ашты. Екінші кезеңде «Барыс» Джастин Бэйли мен Тайс Томпсонның шайбалары арқылы жауап қайтарды.
Үшінші кезеңде командалар гол алмасып, тартысты ойын өрбіді. «Адмирал» сапынан Либор Шулаш, Дмитрий Завгородний және Энтони Камара мергендік танытты. Ал қазақстандық клубтың атынан Чейз Приски шайба соқты. Сергей Симонов негізгі уақыттың аяқталуына бес минут қалғанда есепті теңестірді.
Овертаймда «Адмирал» жеңіс голын соғып, матчты 5:4 есебімен аяқтады.
Айта кетейік, «Барыс» келесі матчын 26 қазанда сырт алаңда Екатеринбургтің «Автомобилист» клубына қарсы өткізеді.