Айбол Әбікен «Қайсар» ойыншысы атанды

Каирбек Тулегенов ··
Фото: instagram.com/aibol_abiken

Фото: instagram.com/aibol_abiken

Петропавлдық «Қызылжар» клубы қызылордалық «Қайсардың» бұрынғы ойыншысы Айбол Әбікенмен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады.

Бұған дейін еркін агент ретінде футболшы «Қайсардан» кеткен болатын. Бүгін Петропавлдық клуб 30 жастағы жартылай қорғаушымен екі жарым жылға келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады.

Әбікен Қазақстан құрамасының ойыншысы және «Қайраттың» түлегі. Сонымен қатар ол «Ақсу» және «Ордабасы» клубтарында да өнер көрсеткен. Биылғы маусымда жартылай қорғаушы қызылордалық «Қайсар» сапында барлық турнирде 14 матч өткізіп, үш гол соғып, екі нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 15 турында «Қызылжар» 15 ұпаймен турнирлік кестеде 11-орында тұр.