Аида Әбікеева Әлем кубогының жартылай финалына өтті
Бөлісу

ҚБФ
Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымы аясындағы Әлем кубогының екінші кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілі Аида Әбікеева сәтті өнер көрсетті.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға жолдама үшін өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы АҚШ өкілі Мари Росендомен кездесті. Айқас нәтижесінде төрешілер жеңісті 4:1 есебімен Әбікееваға берді.
Осы жеңістің арқасында 2025 жылғы IBA және World Boxing нұсқалары бойынша әлем чемпионы, сондай-ақ қазіргі Азия чемпионы Аида кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етіп, турнирдің жартылай финалына өтті.
Айта кетейік, World Boxing Кубогының екінші кезеңі 15–21 маусым аралығында өтуде. Жарысқа 44 елден шамамен 333 спортшы қатысып жатыр.