Айдын Тасыбаев алғаш рет ЧЛ матчында VAR жүйесінде жұмыс істейді

ҚФФ
Жаңа еурокубок маусымының басталуымен Қазақстандық футбол төрешілеріне УЕФА тарапынан халықаралық тағайындаулар берілді.
Ең басты назар Айдын Тасыбаевтың тағайындалуына ауды: ол Чемпиондар лигасы матчында VAR жүйесінде жұмыс істейтін алғашқы қазақстандық төреші болады.
Тасыбаев Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі молдовалық «Петрокуб» пен албаниялық «Эгнатия» командалары арасындағы ойынға төрешілер бригадасының құрамына кіреді. Кездесу 8 шілде күні Кишинев қаласында өтеді.
Матчтың бас төрешісі болып Саят Қарабаев тағайындалды. Оның көмекшілері Дмитрий Белоградов пен Юрий Тихонюк, ал қосалқы төреші Данил Горда. VAR жүйесіне Айдын Тасыбаев жауап береді.
Бұл тағайындау Қазақстан төрешілігі үшін тарихи сәт болды, себебі бұған дейін қазақстандық төрешілер Чемпиондар лигасы матчтарында VAR қызметінде жұмыс істемеген.