«Алашкерт» – «Елімай» матчының тікелей трансляциясы

«Елімай» ФК
Семейдің «Елімай» клубы УЕФА Конференция лигасы іріктеу кезеңінің бірінші айналымындағы алғашқы матчын Арменияның «Алашкерт» командасына қарсы өткізеді.
Алғашқы кездесу 9 шілде күні Еревандағы «Алашкерт» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады.
Қазақстандық жанкүйерлер кездесуді «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Сондай-ақ матчтың ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz сайтының Telegram арнасындағы live режимінде бақылауға болады.
Еске салайық, өткен маусымда «Елімай» Қазақстан Премьер-лигасында төртінші орын алып, УЕФА Конференция лигасына жолдама жеңіп алған болатын. Бұл – 2022 жылы қайта құрылғаннан кейін клубтың еурокубоктардағы алғашқы маусымы.
УЕФА Конференция лигасының 2026/27 жылғы маусымының іріктеу ойындары 7 шілде мен 27 тамыз аралығында өтеді. Ал турнирдің жалпы кезеңі 15 қазан мен 17 желтоқсан аралығына жоспарланған.