Басты бет
·
Теннис

Александр Бублик Almaty Open турнирінің финалына шығу үшін Даниил Медведевпен кездеседі

Аружан Талғат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирінде көптен күткен жартылай финалдық жұптардың бірі анықталды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жарыстың қазіргі чемпионы, ресейлік Даниил Медведевпен кездеседі. Теннисшілер финал жолдамасын 24 қазанда «Алматы Арена» корттарында сарапқа салады.

Алдағы кездесу турнирдің басты оқиғаларының бірі болмақ. Медведев былтырғы титулын қорғау үшін Қазақстанға келсе, Бублик өз жанкүйерлерінің алдында чемпиондық кубокты жеңіп алуды көздейді. Қарсыластар бір-бірін жақсы біледі, ал олардың соңғы кездесуінде қазақстандық теннисші жеңіске жеткен.

Александр Бублик жартылай финалға қалай шықты?

Қазақстанның бірінші ракеткасының үздік төрттікке жету жолы өзгеше өрбіді. Үшінші нөмірмен тіркелген Бублик алғашқы айналымды өткізді. Екінші айналымда ол венгриялық Фабиан Марожанмен кездесуі керек еді. Алайда қарсыласы матч басталмай тұрып жарыстан бас тартты.

Осылайша, Александр жекелей сындағы алғашқы кездесуін тек 23 қазанда, бірден ширек финалда өткізді. Оның қарсыласы әлемдік рейтингте 25-орында тұрған ресейлік Карен Хачанов болды.

Кездесу екі жарым сағатқа жуық уақытқа созылды. Бублик алғашқы партияда 4:6 есебімен жеңіліп қалды, бірақ ойын барысын өзгерте алды. Екінші сетте қазақстандық теннисші тай-брейкте басым түссе, шешуші партияда да қосымша геймге дейін жетіп, жеңісті жұлып алды.

Александрдың басты басымдықтарының бірі – допты ойынға қосу шеберлігі болды. Ол матч барысында 21 эйс орындаса, Хачановтың еншісінде 8 эйс тіркелді.

Александр Бублик Almaty Open турнирінің финалына шығу үшін Даниил Медведевпен кездеседі – sport-hub