Александр Бублик Женевадағы турнирдің 1/4 финалына шықты

Екатерина Тыщенко ··
Александр Бублик Женевадағы турнирдің 1/4 финалына шықты

Ол екінші айналымда Литва өкілі Эдас Будвиласты жеңді.

Әлемнің 10-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик Швейцарияның Женева қаласында өтіп жатқан ATP-250 турнирінің 1/4 финалына шықты. Екінші айналымда ол Литва өкілі Эдас Будвиласты (рейтингтегі 253-нөмір) 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Теннисшілер кортта 1 сағат 20 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Бублик төрт эйс жасап, төрт рет қосар қателікке бой алдырды және алты брейк-пойнттың екеуін жүзеге асырды. Оның қарсыласы Эдас Будвилас та төрт эйс орындап, бір мәрте қосар қателікке жол берді, алайда екі брейк-пойнттың біреуін де пайдалана алмады (0/2).

Осылайша қазақстандық теннисші титул үшін күресті жалғастырып, Женевадағы ATP турнирінің ширек финалына шықты.

Жартылай финалға шығу үшін Александр Бублик франциялық Артур Риндеркнехпен шеберлік байқасады.