Александр Шевченко «Ролан Гаррос» турнирінің алғашқы айналымында жеңілді

Фото: Christoffer Borg Mattisson/Keystone Press Agency/Global Look Press
Әлемнің 88-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Шевченко «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына өте алмады.
Алғашқы айналымда Қазақстан өкілі әлемдік рейтингте 42-орында тұрған америкалық Алекс Микельсенге 2:6, 4:6, 2:6 есебімен жол берді.
Матч 1 сағат 38 минутқа созылды.
Айта кетейік, бұған дейінгі жарыстарда қарсыластар бір-бірімен кездеспеген.
Келесі айналымда Микельсен отандасы Нишеш Басавареддимен ойнайды.
Еске салайық, биылғы маусымда «Үлкен дулыға» санатындағы грунт турнирінің жалпы жүлде қоры 72 811 352 долларды (шамамен 34,05 млрд теңге) құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда жүлде қоры рекордтық 9 478 131 долларға (шамамен 4,43 млрд теңге) өсті.
Жекелей сындағы турнир жеңімпаздары 3 303 012 доллар (шамамен 1,55 млрд теңге) сыйақы алады. Бұл 2025 жылғы чемпион алған сыйақыдан 401 988 долларға (шамамен 188 млн теңге) көп. Ал финалистерге 1 651 506 доллар (шамамен 772,2 млн теңге) беріледі.