Александр Усик келесі жекпе-жектері туралы пікір білдірді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Денис Дидкивский

Фото: Денис Дидкивский

Украиналық боксшы Александр Усик WBC тұжырымы бойынша уақытша чемпион Агит Кабайелмен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты. Сонымен қатар ол Рико Верхувенмен реванш өткізу мүмкіндігін де жоққа шығармады.

Аса ауыр салмақтағы WBA, WBC және IBF белбеулерінің иегері нидерландтық кикбоксшымен екінші жекпе-жек идеясын Турки Әл аш-Шейх қолдап отырғанын жеткізді.

— Кабайел — өте мықты жігіт. Біз командамен және ұйымдастырушы тараппен бәрін талқылаймыз, алдағы жоспарды сөйлесеміз. Турки маған: «Рикомен реваншты Нидерландта өткізейік» деді. Мен: «Ұйымдастырыңыздар, дайындыққа уақыт беріңіздер — шығамыз. Неге болмасқа?» деп жауап бердім, — деді Усик баспасөз мәслихатында.

Украиналық боксшы соңғы жекпе-жегін 23 мамырда Мысырдың Гиза қаласында WBC титулы үшін өткізді. Сол кездесуде Усик Рико Верхувенді 11-раундта техникалық нокаутпен жеңіп, чемпиондық белбеуін қорғап қалды.