Александр Зверевтің US Open-2026 финалындағы Бен Шелтонға қарсы жеңісінің видеошолуы

Фото: usopen.org
Әлемнің екінші ракеткасы, германиялық Александр Зверев US Open-2026 турнирінің ерлер арасындағы жекелей сынында жеңімпаз атанды. Ол финалда ATP рейтингінде тоғызыншы орында тұрған америкалық Бен Шелтонды жеңді.
Матч 3 сағат 36 минутқа созылып, Зверевтің пайдасына 6:3, 7:6 (7:2), 5:7, 6:2 есебімен аяқталды. Германиялық теннисші тоғыз эйс жасап, доп берген кезде алты рет қателесті және алты брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ал Шелтон 10 эйс орындап, төрт рет қосарланған қателік жіберді және үш брейк-пойнттың біреуін ғана іске асырды.
Осы жеңістен кейін теннисшілердің өзара кездесулеріндегі есеп Зверевтің пайдасына 6:0 болды.
Александр үшін бұл US Open турниріндегі мансабындағы екінші финал еді. 2020 жылы ол АҚШ ашық чемпионатының финалында австриялық Доминик Тимге есе жіберіп, титулдан айырылған болатын. Ол кездесу 2:6, 4:6, 6:4, 6:3, 7:6 есебімен аяқталған.
Осылайша Александр Зверев мансабындағы екінші «Үлкен дулыға» титулын жеңіп алды. Нью-Йорктегі жеңісі үшін германиялық теннисші рекордтық 5,5 млн доллар көлемінде жүлде алды.
Зверев алғашқы «Үлкен дулыға» титулын 2026 жылғы 7 маусымда жеңіп алған. Ол Франция ашық чемпионатының («Ролан Гаррос») финалында италиялық Флавио Коболлиді бес сетте – 6:1, 4:6, 6:4, 6:7 (5:7), 6:1 есебімен жеңген.