Александра Эала US Open турнирінің екінші айналымына өтті

Фото: Jimmie48
Әлемнің 18-ракеткасы Александра Эала америкалық Мэри Стоянаны (WTA рейтингінде 122-орын) жеңіп, US Open-2026 турнирінің екінші айналымына жолдама алды.
Кездесу 6:1, 6:2 есебімен аяқталып, 1 сағат 19 минутқа созылды.
Эала матч барысында бірде-бір эйс жасамады, үш рет қосарланған қателік жіберіп, сегіз брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ал Стояна да бірде-бір эйс орындай алмады, үш рет қосарланған қателікке жол берді және қарсыласының добын қайтаруға берілген алты мүмкіндіктің ешқайсысын пайдалана алмады.
Айта кетейік, филиппиндік теннисші Стоянамен болған екі кездесудің екеуінде де жеңіске жеткен. 2024 жылдың тамызында Эала Лэндисвиллдегі ITF W100 турнирінде америкалық теннисшіні 7:5, 6:2 есебімен ұтқан.
Екінші айналымда Эала әлемнің 46-ракеткасы Александра Олейниковамен кездеседі. Бұған дейінгі өзара кездесулер есебі украиналық теннисшінің пайдасына 1:0. Мамыр айында Олейникова Страсбургтегі WTA-500 турнирінде Эаланы 3:6, 7:5, 6:3 есебімен жеңген.