Әлем чемпионы Артем Антропов жаңа рекордпен жеңіске жетті

Каирбек Тулегенов ··
Әлем чемпионы Артем Антропов жаңа рекордпен жеңіске жетті

Қазақстан чемпионатында қандай рекордтар тіркелді және үздік үштікке кімдер енді?

Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының алтыншы жарыс күнінде 110 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлде үшін талас соңына дейін жалғасты.

Артем Антропов серпе көтеруде және қоссайыс қорытындысы бойынша жаңа рекорд тіркеп, сенімді түрде бірінші орын иегері атанды. Сонымен қатар қола жүлдегер мен төртінші орын алған спортшы арасындағы алшақтық небәрі 1 келіні құрады.

1-орын — Артем Антропов (Қарағанды облысы) — 405 кг (175+230)

2-орын — Матвей Макрушин (Жетісу облысы) — 350 кг (155+195)

3-орын — Темирлан Окашев (ШҚО) — 347 кг (150+197)

4-орын — Данил Бетехтин (Жетісу облысы) — 346 кг (151+195)

Өткен 2025 жылғы Қазақстан чемпионатының нәтижелері:

1. Артем Антропов (Қарағанды облысы) — 380 кг (160+220)

2. Матвей Макрушин (Жетісу облысы) — 336 кг (150+186)

3. Темирлан Окашев (ШҚО) — 327 кг (140+187)