Әлемдегі ең егде жастағы футболшы 59 жасында да мансабын жалғастырады

Каирбек Тулегенов ··
Фото: instagram.com/kingkazumiura

Фото: instagram.com/kingkazumiura

59 жастағы жапониялық футболшы Кадзуёси Миура «Фукусима Юнайтед» клубымен келісімшартын ұзартып, кәсіби мансабындағы 42-маусымын өткізеді.

Әлемдегі ең егде жастағы белсенді футболшы Жапонияның үшінші дивизионында кем дегенде тағы бір жыл өнер көрсетеді. Миура кәсіби мансабын 1986 жылы бастаған.

Айта кетейік, Кадзуёси Миура 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысып жатқан Жапония құрамасының өтініміне енген жоқ.

Ал Жапония құрамасы төрт ұпаймен F тобында екінші орында келеді. Команда 26 маусым күні Қазақстан уақытымен сағат 04:00-де топтық кезеңдегі соңғы матчын Швецияға қарсы өткізеді. «Көк самурайларға» плей-офф кезеңіне жолдама алу үшін тең ойынның өзі жеткілікті. Тіпті жеңілген жағдайда да жапондардың келесі кезеңге шығу мүмкіндігі жоғары.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр.