Әлемдік рейтингте үздік жүздікке кірмейтін теннисші WTA турнирінің чемпионы атанды

Фото: hk_tennisopen
Америкалық теннисші Клэр Лью Гонконгта өткен WTA 250 санатындағы турнирде жеңіске жетіп, мансабындағы алғашқы жекелей титулын жеңіп алды.
Финалда 26 жастағы америкалық спортшы Филиппин өкілі Александра Эаланы 6:3, 6:0 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 33 минутқа созылды.
Бірінші сетте есеп 3:3 болған кезде Эала оң тізесіндегі ауырсынуға байланысты медициналық үзіліс алды. Ол ойынды жалғастырғанымен, қалған геймдердің барлығында жеңіліп қалды.
Лью турнир барысында бірде-бір сетте жеңілген жоқ. Финалға дейін ол Татьяна Прозорова, Кэти Бултер, Зейнеп Сөнмез және Александра Шубладзені жарыс жолынан шығарды.
Әлемдік рейтингте 17-орында тұрған Эаланы жеңу америкалық теннисшінің үздік жиырмалықтағы қарсыластарын екінші рет ұтуы болды. Бұған дейін ол 2022 жылы Монастирдегі турнирде Онс Жаберден басым түскен еді.
Осы чемпиондықтан кейін Лью WTA рейтингінің онлайн нұсқасында 33 сатыға жоғарылап, 102-орыннан 69-орынға көтерілді. Ресми рейтинг ойын аптасы аяқталған соң жаңартылады.
Айта кетейік, бұл америкалық теннисшінің WTA негізгі турындағы екінші финалы және хард төсенішіндегі алғашқы финалы болды. Бұған дейін ол 2022 жылы Рабаттағы турнирдің шешуші кездесуінде өнер көрсеткен.