Алина Шоссова Азия ойындарындағы жарысын аяқтады
Бөлісу

Фото: Нұрғали Жұмағазы
Қазақстандық спортшы Алина Шоссова Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында ушу-саньдадан жарысын аяқтады.
60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз ширек финалға өте алмады.
1/8 финалда ол вьетнамдық Нгуен Тхи Тху Тхюиге 0:2 есебімен есе жіберді. Екі раунд та 0:5 есебімен аяқталды.
Аити және Нагоя өңірлерінде өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы 35 спорт түрінен 558 спортшымен сынға түсіп жатыр.
Еске салайық, Әсел Қанай каратэден күміс медаль жеңіп алған болатын.