Алиссон «Ливерпульдегі» болашағына қатысты шешім қабылдады

Фото: Getty Images
«Ливерпульдің» қақпашысы Алиссон Бекер 2026/27 маусымының соңында ағылшын клубынан кетуі мүмкін.
Бразилиялық қақпашының мерсисайдтық клубпен келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды.
Фабрицио Романоның мәліметінше, 34 жастағы футболшының «Ливерпульдегі» болашағы әзірге белгісіз. Бұған дейін клуб Алиссонның келісімшартын тағы бір маусымға ұзарту туралы опцияны іске қосқан. Жазғы трансферлік кезеңде қақпашыға туриндік «Ювентус» қызығушылық танытқан. Алайда ағылшын клубы негізгі қақпашысымен қоштасқан жоқ.
Бразилиялық футболшы осы маусымда барлық турнирде алты матчқа қатысып, бес гол жіберіп алды. Үш кездесуде қақпасын голдан аман сақтады.
Алиссон «Ливерпульде» 2018 жылдан бері ойнап келеді. Қыркүйек айында ол клуб сапындағы 336-матчын өткізді. «Энфилдтегі» мансабында бразилиялық қақпашы командасымен бірге Англия чемпионы атанып, Чемпиондар лигасын жеңіп алды.