«Алтай» – «Ордабасы»: Қазақстан кубогы матчының тікелей трансляциясы

Бегасыл Амирбай ··
«Ордабасы» ФК

«Ордабасы» ФК

Өскемендік «Алтай» мен шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан кубогының жартылай финалындағы қарымта матчта кездеседі.

Ойын 19 тамызда Өскемендегі «Восток» стадионында өтеді. Кездесу жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де басталады.

Жанкүйерлер матчты «Sport + Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Сондай-ақ кездесудің ең маңызды сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасындағы тікелей мәтіндік трансляциядан бақылауға болады.

Еске салайық, «Алтай» ширек финалда «Ақтөбені» 1:1 (пенальти бойынша 4:3) есебімен жеңіп, Қазақстан кубогының жартылай финалына шықты. Ал «Ордабасы» алдыңғы кезеңде «Жетісуды» 1:0 есебімен ұтты.

Командалар жартылай финалдың алғашқы матчында Шымкентте кездескен. «Ордабасы» 3:1 есебімен жеңіске жетіп, қарымта ойын алдында маңызды басымдыққа ие болды. Осылайша, «Алтай» финалға шығу үшін екі доп айырмасын қайтаруы қажет.

«Алтай» – «Ордабасы»: Қазақстан кубогы матчының тікелей трансляциясы – sport-hub