Басты бет
·
Теннис

Әмір Омарханов Франциядағы «Челленджер» турнирінен шығып қалды

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Францияның Роан қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта жеңіліп қалды. Ол жергілікті теннисші Этьен Доннеге есе жіберді.

Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылып, француз теннисшісінің 6:1, 7:5 есебімен жеңісімен аяқталды.

Омарханов екі эйс жасап, төрт рет қос қателік жіберді. Сондай-ақ брейк-пойнтқа қол жеткізген екі мүмкіндігінің ешқайсысын пайдалана алмады. Ал Донне төрт эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және қарсыласының доп беруін бес мүмкіндіктің үшеуінде сәтті қабылдады.

Роандағы ATP Challenger 100 турнирі 11–18 қазан аралығында жабық хард кортында өтеді. Жарыстың жүлде қоры – 160 680 еуро.

Әмір Омарханов Франциядағы «Челленджер» турнирінен шығып қалды – sport-hub