«Амур» – «Барыс»: тікелей эфирді қайдан көруге болады?

«Барыс» ХК
19 қазанда Хабаровскінің «Амур» командасы мен астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті матчында кездеседі.
Ойын Хабаровскідегі «Платинум Аренада» өтеді. Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де басталатын кездесуді Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. Сондай-ақ матчтың негізгі сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасынан бақылауға мүмкіндік бар.
Матч алдында «Барыс» Шығыс конференциясында 20 ұпаймен екінші орында тұр. Ал «Амур» 17 ұпаймен бесінші сатыға жайғасқан. Астаналық клуб соңғы бес кездесудің төртеуінде жеңіске жетті. Хабаровскілік команда қатарынан екі матчта жеңіліп қалды.
«Барыс» бұған дейін сырт алаңда «Сібірді» 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз шайбаны Мэйсон Морелли соқты. Қақпашы Андрей Шутов өз қақпасын голдан аман сақтады. Ал «Амур» соңғы ойында «Салават Юлаевқа» 3:4 есебімен есе жіберді.
Командалар осы маусымда 12 қыркүйекте Астанада кездескен. Ол кезде «Амур» 3:1 есебімен жеңіске жетті. ҚХЛ тарихында екі клуб 61 матч өткізген. Оның 31-інде «Амур» жеңсе, 30 кездесуде «Барыс» басым түскен.
Айта кетейік, «Барыс» келесі матчын 21 қазанда Владивостокта «Адмиралға» қарсы өткізеді.