«Амур» «Барысты» ірі есеппен жеңді

«Барыс» ХК
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті матчында хабаровскілік «Амурға» есе жіберді.
Кездесу алаң иелерінің 5:2 есебімен жеңісімен аяқталды.
Матчтың басты қаһарманы Ярослав Лихачев болды. Ол қазақстандық клубтың қақпасына үш шайба соғып, хет-трик жасады. Сонымен қатар Олег Ли мен Кирилл Петьков бір-бір шайбадан соқты. Петьков өз командасы сан жағынан кем ойнап жатқанда гол авторы атанды.
«Барыс» екі голмен жауап берді. Астаналық команда сапынан Ансар Шайхмедденов пен Джастин Бэйли көзге түсті. Алайда олардың голдары кездесудің нәтижесін өзгертуге жеткіліксіз болды.
Осы жеңістен кейін «Амур» 19 ұпай жинап, Шығыс конференциясында бесінші орынға көтерілді. Ал «Барыстың» еншісінде 20 ұпай бар. Қазақстандық клуб турнир кестесінде екінші орында тұр.
«Барыс» келесі матчын 21 қазанда сырт алаңда өткізеді. Астаналық команда Владивосток қаласында «Адмиралмен» кездеседі.
«Амур» – «Барыс» матчының видео шолуы: