Басты бет
·
Хоккей

«Амур» ҚХЛ матчында «Нефтехимикті» минималды есеппен жеңді

Али Асетов··
Фото: hcamur / Instagram

Фото: hcamur / Instagram

Хабаровскілік «Амур» ҚХЛ тұрақты чемпионатының кезекті матчында «Нефтехимиктен» басым түсті.

Кездесудің тағдырын жалғыз шайба шешті. Алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Командалар ұзақ уақыт бойы есеп аша алмады. Кездесудің шешуші сәті үшінші кезеңнің басында болды. Кирилл Пилипенко төменгікамалық команданың қақпасын дәл көздеп, «Амурды» алға шығарды.

ҚХЛ

«Амур» – «Нефтехимик» – 1:0

Шайба: 03:21, Пилипенко

Жеңіліске қарамастан, «Нефтехимик» Шығыс конференциясында екінші орында қалды. Төменгікамалық клуб 11 матчта 15 ұпай жинаған. Команда үшін бұл кездесу қатарынан үш жеңістен кейінгі сәтсіз ойын болды.

«Амур» биылғы чемпионаттағы тоғызыншы матчын өткізіп, ұпай санын тоғызға жеткізді. Осы нәтижеден кейін хабаровскілік команда Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде алтыншы орынға көтерілді.

«Нефтехимик» келесі матчын 2 қазанда өз алаңында өткізеді. Оның қарсыласы «Барыс» болады. Сол күні «Амур» сырт алаңда «Автомобилистпен» кездеседі.