Англия құрамасының қорғаушысы О'Райли: «Мессимен кездесуді асыға күтіп жүрмін»

Фото: x_@sleepermancity
Англия құрамасының қорғаушысы Нико О'Райли 2026 жылғы әлем чемпионатының Аргентинаға қарсы жартылай финалдық ойынына қатысты өз ойымен бөлісті.
Ағылшын футболшысы Лионель Мессиді футбол тарихындағы ең ұлы ойыншы деп санайтынын айтты.
«Мен бұл ойынды асыға күтіп жүрмін. Бұл – ерекше мүмкіндік. Оның мансабы аяқталуға жақын. Жеке өзім үшін ол – футбол алаңына шыққан ең үздік ойыншы. Осы матчты тағатсыздана күтемін», – деп О'Райлидің сөзін BBC Sport келтіреді.
2026 жылғы әлем чемпионатының Англия мен Аргентина құрамалары арасындағы жартылай финалдық кездесуі 16 шілде күні Атлантада өтеді. Ойын Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.