«Андерлехт» – «Қайрат»: Брюссельде үш гол соғылды

Али Асетов··
«Қайрат» ФК

«Қайрат» ФК

«Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта матчта «Андерлехттен» жеңілді.

Брюссельде өткен кездесу алаң иелерінің 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

45+2-минутта Цветкович пенальтиден есеп ашты. Үзілістен кейін Даниил Сикан бельгиялықтардың басымдығын еселесе, 71-минутта Жюлиан Бьянкон қорытынды есепті белгіледі.

«Андерлехт» екі матчта да 3:0 есебімен жеңіске жетті. «Қайрат» Еуропа лигасындағы өнерін аяқтап, еурокубок маусымын Конференция лигасының жалпы кезеңінде жалғастырады.