Андреева мен Рублев Шнайдер мен Руудты жеңіп, US Open-ның жартылай финалына шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Мирра Андреева мен Андрей Рублев US Open-2026 аралас жұптық сайысының ширек финалында Диана Шнайдер мен Каспер Руудты жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Кездесу 1 сағат 15 минутқа созылып, 4:1, 4:5 (9:11), 10:5 есебімен аяқталды.

Андреева мен Рублев алғашқы сетте қарсыластарына бір ғана гейм беріп, жеңіске жетті. Екінші партияда Шнайдер мен Рууд тай-брейкте басым түсіп, сеттер бойынша есепті теңестірді. Шешуші партияның орнына чемпиондық тай-брейк ойнатылып, онда Мирра мен Андрей 10:5 есебімен жеңіске жетті.

Ресейлік жұп екі эйс жасап, екі рет қосарланған қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Ал Шнайдер мен Рууд та екі рет эйс орындап, үш қосарланған қателікке жол берді және қарсыластарының алты брейк-пойнтының үшеуін қайтарды.

Финалға шығу үшін олар Каролина Мухова мен Якуб Меншикке қарсы ойнайды. Чехиялық жұп ширек финалда Эмма Наварро мен Томми Полды 4:1, 5:3 есебімен жеңді.