Анна Данилина Лондон турнирінің ширек финалында жеңіліп қалды

Темирлан Мажекенов ··
Фото: WTA

Фото: WTA

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Лондон қаласында өтіп жатқан WTA 500 деңгейіндегі The Queen’s Club Championships турнирінің жұптық сайысында жарысты аяқтады.

Ширек финалда Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Ұлыбритания өкілдері Оливия Николлс пен словак теннисшісі Тереза Михаликоваға қарсы кортқа шықты.

Қазақстан–Сербия дуэті қарсыластарына екі сетте есе жіберіп, жарыстың жартылай финалына өте алмады — 4:6, 4:6. Кездесу 1 сағат 25 минутқа созылды.

Лондонда өтіп жатқан турнир 8–14 маусым аралығында ұйымдастырылып, Уимблдонға дайындық кезеңіндегі маңызды жарыстардың бірі саналады.

Айта кетейік, бұдан бес күн бұрын Анна Данилина Александра Круничпен бірге «Ролан Гаррос–2026» турнирінің жұптық сайысында күміс жүлдегер атанған болатын. Финалда қазақстандық–сербиялық жұп әлемдік рейтинг көшбасшылары чехиялық Катержина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсендке жол берген еді.

Сондай-ақ бұл Данилина мен Крунич үшін «Ролан Гарростағы» қатарынан екінші финалдағы жеңіліс екенін айта кеткен жөн. Өткен маусымда олар италиялық Сара Эррани мен Жасмин Паолиниге есе жіберген болатын.