Антонио Конте «Наполидің» бас бапкері қызметінен кетті

Темирлан Мажекенов ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Италиялық бапкер Антонио Конте «Наполиден» кетті. Бұл туралы неаполитандық клубтың баспасөз қызметі X әлеуметтік желісінде хабарлады.

Конте команданы 2024 жылдың жазынан бері жаттықтырып келді. «Наполидегі» алғашқы маусымында белгілі маман командаға Италия А-Сериясында чемпиондық әкелді.

2025/2026 жылғы маусымда Антонио Конте шәкірттері турнирлік кестеде екінші орын алды.

Жалпы Конте жетекшілігімен «Наполи» барлық турнирде 91 матч өткізді. Оның ішінде команда 54 жеңіске жетіп, 19 рет тең ойнап, 18 мәрте жеңіліс тапты. Келесі маусымда неаполитандық клуб УЕФА Чемпиондар лигасы мен Италия Суперкубогында өнер көрсетеді.