Антонио Нуса Кот-д'Ивуарға қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды

Фото: Getty Images
Норвегия құрамасының шабуылшысы Антонио Нуса 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Кот-д'Ивуарға қарсы өткен кездесудің үздік ойыншысы атанды.
Бұл туралы матч аяқталғаннан кейін FIFA баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу АҚШ-тың Техас штатында өтіп, Норвегия құрамасының 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Осы нәтиженің арқасында скандинавиялықтар турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.
Матчтағы алғашқы голды дәл Антонио Нуса соқты. Ол 39-минутта алыстағы бұрышқа дәл соққы жасап, есеп ашты әрі үзіліске дейін командасына маңызды басымдық сыйлады. Шабуылдағы белсенді ойыны мен жеңіске қосқан шешуші үлесі үшін ол матчтың үздік ойыншысы атағына ие болды.
Норвегия құрамасы 1/8 финалда Бразилиямен кездеседі. Матч 6 шілде күні АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы «Метлайф» стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 11 маусымда басталды, ал жаңа әлем чемпионы 19 шілдеде анықталады. Қазіргі әлем чемпионы – Аргентина құрамасы.