Антуан Гризманн «Орландо» сапындағы алғашқы голын соқты

Бегасыл Амирбай ··
«Орландо Сити» ФК

«Орландо Сити» ФК

Франциялық шабуылшы «Орландо» клубының ойыншысы Антуан Гризманн АҚШ-тың MLS чемпионатындағы алғашқы голын соқты. Ол «Сан-Хосе Эртквейкс» командасына қарсы сырт алаңдағы кездесуде мергендігімен көзге түсті.

35 жастағы форвард матчтың 48-минутында есеп ашты. Оның голынан кейін «Орландо» 4:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Еске салайық, Гризманн америкалық клубқа шілде айында ауысып, 2025/26 маусымы аяқталған соң мадридтік «Атлетико Мадрид» сапынан кеткен еді. Француз 2014–2019 жылдары осы клубта ойнап, кейін «Барселонаға» ауысты. 2021 жылы қайтадан «Атлетикоға» оралған болатын.

16 турдан кейін «Орландо» 17 ұпаймен Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде оныншы орында тұр.

«Атлетико» сапында Гризманн УЕФА Еуропа лигасы, УЕФА Суперкубогы және Испания Суперкубогының иегері атанды. Ал «Барселонамен» бірге Испания Кубогын жеңіп алған.