АПЛ маусымның үздік бапкері жүлдесіне үміткерлер тізімін жариялады
Бөлісу

«Арсенал» ФК
Ағылшын Премьер-лигасы Х әлеуметтік желісінде 2025/2026 маусымының қорытындысы бойынша үздік бапкер атағына үміткерлер тізімін жариялады.
2025/2026 жылғы АПЛ маусымының үздік бапкері жүлдесіне үміткерлер:
Кит Эндрюс («Брентфорд»)
Микель Артета («Арсенал»)
Майкл Кэррик («Манчестер Юнайтед»)
Хосеп Гвардиола («Манчестер Сити»)
Андони Ираола («Борнмут»)
Режис Ле Бри («Сандерленд»)
Қазіргі таңда Англия чемпионатының турнир кестесінде «Арсенал» көш бастап тұр. Лондондық клуб 36 матчтан кейін 79 ұпай жинады Екінші орында 77 ұпаймен «Манчестер Сити» орналасса, үшінші сатыда 65 ұпайы бар «Манчестер Юнайтед» келеді. Маусымның аяқталуына небәрі екі тур қалды.