Ақмарал Ерекешева гимнастикадан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: СДР

Фото: СДР

Қазақстан құрамасының гимнастшысы Ақмарал Ерекешева Бішкекте өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы шығыршықпен жаттығу финалында 28,50 балл жинап, үшінші орынға ие болды.

Жарыстың жеңімпазы 29,25 балл алған Өзбекстан өкілі Тахмина Икромова атанды. Күміс медальді 28,90 балл еншілеген қытайлық Ван Цзылу жеңіп алды.

Қазақстанның тағы бір өкілі Айбота Ертайқызы 28,05 баллмен алтыншы орынға тұрақтады.

Қырғызстандағы Азия чемпионаты күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі саналады.