Ақнұр Тұрсынғали жартылай финалда жеңіліп, бокстан Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді

Фото: kazboxing
Қазақстандық Ақнұр Тұрсынғали Джакартада өтіп жатқан 19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ақнұр Тұрсынғали Дира Артикамен кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер 3:2 есебімен алаң иесіне жеңісті берді.
Осылайша, Тұрсынғали Азия чемпионатындағы өнерін қола медальмен аяқтады. Еске салайық, наурыз айында Ақнұр Тұрсынғали Бангкокта өткен World Boxing Futures халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанған болатын.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 3–16 шілде аралығында Джакартада өтуде. Жарысқа 26 елден 400-ден астам спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасы сапында 39 спортшы бар.