АҚШ әлем чемпионатындағы алғашқы матчтында жеңіске жетті

Айбар Рысдаулет ··
Фото:  NPR

Фото: NPR

АҚШ құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы матчында Парагвайды 4:1 есебімен ойсырата жеңді

D тобы аясындағы кездесу Инглвуд қаласындағы «Соу-Фай» стадионында өтті. Турнир қожайындары матчтың жетінші минутында-ақ алға шықты. Сол сәтте парагвайлық жартылай қорғаушы Дамьян Бобадилья автогол авторы атанды. Үзіліске дейін америкалық ойыншы Фоларин Балогун дубль жасап, есепті еселеді.

Бірінші таймда Балогун тағы бір гол соққан еді, алайда ол офсайдқа байланысты есепке алынбады. Екінші таймда Парагвай құрамасы Маурисионың голы арқылы есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен көп ұзамай Джованни Рейна АҚШ құрамасының төртінші голын соғып, матч нүктесін қойды.

АҚШ – Парагвай кездесуі 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы турында ең нәтижелі ойын болды. Америкалықтар өз алаңындағы турнирді сәтті бастап, D тобында алғашқы үш ұпайын еншіледі.