Скалони ӘЧ-дағы Кабо-Вердемен матчтың уақытына қатысты таңданысын білдірді

Фото: AFA
Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Кабо-Верде құрамасына қарсы матчтың басталу уақыты туралы пікір білдірді.
Кездесу 4 шілде күні АҚШ-тың Майами қаласындағы «Хард Рок Стэдиумда» өтеді. Ойын Қазақстан уақыты бойынша сағат 03:00-де басталады. Болжам бойынша, матч басталар сәтте ауа температурасы шамамен 32 градус болады.
«Біз өте ыстықта ойнаймыз, мұндай уақытты таңдау сұрақ тудырады. Бірақ екі команда үшін де жағдай бірдей, сондықтан шағымданатын ештеңе жоқ», – деп келтіреді Скалонидің сөзін TyC Sports.
Еске сала кетейік, бұған дейін Аргентина құрамасы 9 ұпаймен J тобында бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне шыққан. Ал Кабо-Верде 3 ұпаймен сенсация жасап, H тобында екінші орын алып, 1/16 финалға жолдама алған.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады. Топтық кезең қорытындысы бойынша басты жүлде үшін күресті жалғастыратын 32 құрама анықталды.