Ақтөбе әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының іріктеу ойындарын қабылдайды

«Ақтөбе» ӘФК
Қазақстан чемпионы – «Ақтөбе» әйелдер футбол клубы УЕФА әйелдер Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі шағын турнирге қатысады.
Ақтөбелік команда 3-топқа түсіп, Исландияның «Брейдаблик», Швейцарияның «Серветт» және Беларусьтің «Динамо Минск» клубтарымен күш сынасады.
Шағын турнирдің қожайыны болып Ақтөбе қаласы таңдалды. Барлық матчтар Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтеді.
Жартылай финалдық кездесулер 5 тамызға жоспарланған. Бұл кезеңде «Ақтөбе» «Брейдабликпен» кездессе, «Динамо Минск» пен «Серветт» өзара ойнайды. Турнирдің финалы 8 тамыз күні өтеді.
Жарыс жеңімпазы әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алады. Финалға шыққан екінші команда әйелдер арасындағы Еуропа кубогының екінші іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. Ал үшінші орын алған клуб аталған турнирдің бірінші іріктеу кезеңіне қатысады.
Айта кетейік, өткен маусымда «Ақтөбе» өз тарихында алғаш рет әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатын жеңіп алды. Ақтөбелік клуб 13 дүркін ел чемпионы «БИІК-Шымкенттен» үш ұпайға озып кеткен болатын.