«Ақтөбе» бапкері Таркович «Астанадан» жеңіліс туралы пікір білдірді

Бегасыл Амирбай ··
«Ақтөбе» ФК

«Ақтөбе» ФК

«Ақтөбе» командасының бас бапкері Штефан Таркович Қазақстан Премьер-лигасының 17-туры аясында «Астанаға» қарсы өткен матчтағы (2:3) жеңілісіне қатысты пікір айтты.

Маман бұл ойынның қиын болатынын алдын ала күткенін айтып, мұндай жеңілісті қабылдау команда үшін ауыр екенін жеткізді.

«Иә, мұндай матчта жеңілу психологиялық тұрғыдан әрдайым қиын, және командаға мұны қабылдау өте ауыр. Мен дәл осындай ойын күткен едім, өйткені матч алдында көпшілік «Астана» ойыншылары шаршайды деген пікір айтқан. Бірақ мен бұл команданың сапасы жоғары деңгейде қалатынына сенімді болдым.

Біз матчты басынан бастап басқа стильде өткізгіміз келді. Әсіресе ойынның басында жекпе-жектерде қарсыластан тым алшақ болдық, допты өз бақылауымызға ала алмадық, ал иелік еткен сәттерде оны оңай жоғалтып алдық. Біз ойынға қайта оралып, есепті 2:1-ге өзгерттік, бірақ дәл осындай жағдайда матчты ұтылып қалу өте ауыр. Дегенмен мен бұл команданың бапкерімін және мұны қабылдауым керек», – деп келтіреді Тарковичтің сөзін клубтың баспасөз қызметі.

Штефан Таркович «Ақтөбе» клубын сәуір айында тізгіндеген. Оның жетекшілігімен команда 17 матч өткізіп, сегіз жеңіске жетті, төрт рет тең ойнап, бес рет жеңіліс тапты.

17 турдан кейін Қазақстан Премьер-лигасында «Астана» 29 ұпаймен үшінші орында тұр, ал «Ақтөбе» 25 ұпай жинап, жетінші орынға жайғасқан.