«Ақтөбе» футзал командасы қола жүлдегер атанды

Фото: instagram.com/mfcaktobe
Қазақстан чемпионатында үшінші орын үшін өткен серияның үшінші матчында «Ақтөбе» «Атырауды» жеңді.
Қазақстан чемпионатында үшінші орын үшін өткен серияның үшінші матчында «Ақтөбе» «Атырауды» жеңді.
Ойын ақтөбелік команданың алаңында өтіп, негізгі уақытта 1:1 есебімен тең аяқталды. Кездесудің тағдыры мен қола жүлденің иегері пенальти сериясында анықталып, «ақ-қызылдар» 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Еске салайық, серияның алғашқы матчында «Атырау» 4:2 есебімен жеңіске жеткен, ал екінші ойында «Ақтөбе» қосымша уақытта 7:5 есебімен басым түсіп, есепті теңестірген еді.
Қазақстан чемпионатының алтын медалі үшін «Қайрат» пен «Семей» командалары таласуда. 25 маусымда семейлік команда алматылықтарды жеңіп, сериядағы есепті 2:1-ге жеткізіп, алға шықты. Семейдің футзал клубы келесі ойында жеңіске жетсе, Қазақстан чемпионы атануы мүмкін.