«Ақтөбе» Штефан Тарковичтің қызметтен кеткенін жариялады
Бөлісу

«Ақтөбе» ФК
«Ақтөбе» футбол клубы бас бапкер Штефан Тарковичпен қоштасқанын ресми түрде мәлімдеді.
53 жастағы словакиялық маман команданы сәуір айының басында тізгіндеген еді. Ол «ақ-қызылдарды» барлық турнирде 17 матчта тізгіндеп шықты. Осы кезеңде «Ақтөбе» сегіз жеңіске жетіп, төрт рет тең ойнап, бес рет жеңіліс тапты. Бұған қоса, Қазақстан кубогы аясында команда тағы екі жеңіске қол жеткізді.
Тарковичпен бірге клубтан оның көмекшілері Карол Праженица мен Мартин Руснак та кетті.
Клубтың ресми мәлімдемесінде «Ақтөбе» бапкерлер штабына атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тіледі.