Аргентина Англиядан финал жолдамасын жұлып алды

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Аргентина құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының екінші финалисі атанып, Англияға қарсы жартылай финалда нағыз драмалық жеңіске қол жеткізді.

Атлантадағы Mercedes-Benz Stadium стадионында өткен кездесуде аргентиналықтар 2:1 есебімен ерік-жігер танытып жеңіске жетті.

Алғаш болып есепті Англия ашты. 55-минутта шабуылшы Энтони Гордон мүмкіндігін тиімді пайдаланып, өз командасын алға шығарды. Осыдан кейін Аргентинаға есепті теңестіру қажет болды.

Матчтың соңына дейін ағылшындар басымдықты сақтап қалады дегендей көрінген. Алайда ойынның шешуші сәттері бәрін өзгертті. 85-минутта Энсо Фернандес есепті теңестіріп, Аргентинаны қайта ойынға қосты.

Негізгі драма қосымша уақытта орын алды. 90+2-минутта Лаутаро Мартинес жеңіс голын соғып, командасына 2:1 есебімен жеңіс сыйлады. Осылайша, Аргентина әсерлі камбэк жасап, әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

Әлем чемпионаты-2026 (плей-офф, жартылай финал):

Англия – Аргентина – 1:2

Голдар: 55 — Гордон, 85 — Энсо, 90+2 — Мартинес

Еске сала кетейік, турнирдің екінші жартылай финалында Испания Францияны 2:0 есебімен жеңіп, финалға бірінші болып шыққан. Енді Испания мен Аргентина 19 шілдеде өтетін шешуші матчта кездеседі.