Аргентина – Мысыр матчының тікелей трансляциясы

ФИФА
Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мысыр құрамасына қарсы ойын өткізеді.
Кездесу 7 шілде күні АҚШ-тың Атланта қаласындағы «Мерседес-Бенц» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады.
Қазақстандық жанкүйерлер бұл ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Сондай-ақ кездесудің ең маңызды сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасындағы live режимінде бақылауға болады.
Айта кетейік, топтық кезеңде Аргентина J тобында бірінші орын алып, плей-оффқа шықты. Ал Мысыр G тобында екінші орынға ие болды. 1/16 финалда мысырлықтар Аустралияны (1:1, пенальти сериясында – 4:2) жеңсе, аргентиналықтар Кабо-Вердені 3:2 есебімен ұтты.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады. Биылғы турнир тарихында алғаш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне 48 құрама қатысып жатыр.