Аргентиналық маман «Интер Майами» клубын басқарады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@giraltpablo

Фото: x_@giraltpablo

Аргентиналық маман Кили Гонсалес «Интер Майами» клубының бас бапкері атанады. Клуб 52 жастағы маманмен келісімге келгенін ресми түрде растады.

Гонсалес жұмыс істеуге рұқсат алғаннан кейін команданы қабылдайды. Ол келгенге дейін бас бапкер міндетін сәуір айында Хавьер Маскераноның орнын басқан Гильермо Ойос атқара береді.

Бұған дейін Гонсалес Аргентинаның «Росарио Сентраль», «Унион» және «Платенсе» клубтарын жаттықтырған. «Интер Майами» оның бапкерлік мансабындағы Аргентинадан тыс алғашқы клубы болады.

Айта кетейік, «Интер Майами» 39 ұпай жинап, МЛС-тің Шығыс конференциясында екінші орында келеді.

Аргентиналық маман «Интер Майами» клубын басқарады – sport-hub