«Арлан» «Алматыны» жеңді, бірақ Қазақстан кубогінің жартылай финалына шыға алмады

Аружан Талғат··
Фото: hcalmaty

Фото: hcalmaty

Көкшетаулық «Арлан» шайбалы хоккейден Қазақстан кубогінің топтық кезеңін «Алматыны» 4:1 есебімен жеңіп аяқтады.

Көкшетау командасы матч тағдырын алғашқы кезеңнің өзінде-ақ шешіп қойды. Тамерлан Бейсембиев, Захар Захаров және Кирилл Эрфурт бір-бір шайбадан соғып, «Арланға» 3:0 есебімен басымдық әкелді.

Екінші кезеңде Игорь Ищенко есеп айырмасын арттырды. Ал алматылықтар тек Рахимбек Мейрманның голымен жауап бере алды. Үшінші кезеңде есеп өзгерген жоқ.

Қазақстан кубогі. Топтық кезең

«Арлан» — «Алматы» — 4:1

Кезеңдер бойынша: 3:0, 1:1, 0:0

Шайбалар: Бейсембиев, Захаров, Эрфурт, Ищенко — Мейрман.

Жеңіске қарамастан, «Арлан» турнирдің жартылай финалына шыға алмады. Төрт матчтан кейін көкшетаулық клуб төрт ұпай жинап, А тобында үшінші орын алды.

Ал «Алматы» топтық кезеңді ұпайсыз аяқтады.