«Арман шындыққа айналды»: Покатилов «Сабахтың» Чемпиондар лигасына шыққанына пікір білдірді

Aibar Rysdaulet··
«Сабах» ФК

«Сабах» ФК

«Сабах» және Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов Баку клубының Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне тарихи жолдама алғаннан кейінгі әсерімен бөлісті.

Жеребе қорытындысы бойынша «Сабахтың» қарсыластары «Барселона», «Арсенал», Дортмундтың «Боруссиясы», «Манчестер Юнайтед», «Наполи», «Вильярреал», Праганың «Славиясы» және «Викинг» болды.

Команда капитаны жеребе нәтижесіне Instagram желісіндегі жазбасымен пікір білдірді.

«Шындыққа айналған арман. Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алдық. Жанымызда болып, бізге сенген баршаңызға рақмет. Бұл тек бастамасы!» – деп жазды Покатилов.

Қазақстандық қақпашы үшін «Арсеналмен» кездесу ерекше маңызға ие болуы мүмкін. Бұған дейін Покатилов лондондық клубтың өзінің сүйікті командасы екенін және онымен ойнауды әрдайым армандағанын айтқан.

2017 жылы құрылған «Сабах» үшін Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысу – клуб тарихындағы алғашқы жағдай.