Басты бет
·
MMA/UFC

Арман Царукян UFC 331 турнирінде танымал стримерге ерекше рөл ұсынды

Aibar Rysdaulet··
Фото: Zuffa LLC

Фото: Zuffa LLC

UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде екінші орында тұрған Арман Царукян бразилиялық Маурисио Руффиге қарсы алдағы жекпе-жегіне танымал стример N3on-ды тартуға шешім қабылдады.

Ресейлік файтер блогерге Лос-Анджелесте өтетін UFC 331 турнирінде өзінің секунданты болуды ұсынды. Бұл жұмысы үшін Царукян оған 50 мың доллар төлеуге уәде берген. N3on ұсынысты қабылдады.

Стример алдағы әріптестікке әзілмен жауап берді.

«Тек Чимаевтан мені ұрмауын сұрашы, бауырым», – деп келтіреді N3on-ның сөзін Happy Punch X әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, бұл Царукянның N3on-мен алғашқы қаржылық байланысы емес. Бұған дейін файтер стримердің «She Wanna Hang With A Indian» трегіне октагонға шығуға келіскен. Композицияны пайдаланғаны үшін Царукян 200 мың доллар алған. Ол Руффиге қарсы жекпе-жек алдында да дәл осы әуенмен октагонға шығады.

29 жастағы Царукян кәсіпқой ММА-да 23 жеңіске жеткен, оның 15-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Сондай-ақ оның үш жеңілісі бар. UFC-дегі дебютін 2019 жылдың сәуір айында өткізді. Арман еркін күрес пен ММА-дан спорт шебері атанған.