«Арсенал» араға 22 жыл салып қайтадан Англия чемпионы атанды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Лондондық «Арсенал» 2025/26 жылғы Англия Премьер-лигасының чемпионы атанды. Бұл «зеңбірекшілер» үшін соңғы 22 жылдағы алғашқы және клуб тарихындағы 14-чемпиондық титул болды.

Микель Артета шәкірттері 37-турда «Бёрнлиді» 1:0 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын бірінші орынды қамтамасыз етті. Арада бір тәулік өткесін «Манчестер Сити» «Борнмутқа» қарсы қонақта 1:1 есебімен тең түсіп, көшбасшыны қуып жететін барлық математикалық мүмкіндігін жоғалтты.

Чемпионат аяқталуына бір тур қалғанда «Арсеналдың» еншісінде 82 ұпай бар. Ал «Манчестер Сити» 78 ұпаймен екінші орында қалды. Лондондық клуб бұған дейін Англия чемпионатын соңғы рет 2003/04 маусымында жеңген еді. Сол кезде Арсен Венгердің командасы турнирді бірде-бір жеңіліссіз аяқтаған болатын.

Чемпиондық титул саны бойынша «Арсенал» ағылшын футболы тарихында «Манчестер Юнайтед» пен «Ливерпульден» кейінгі үшінші орында тұр.

«Арсенал» араға 22 жыл салып қайтадан Англия чемпионы атанды – sport-hub